Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA 500 турнирін жеңіспен бастады

Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA 500 турнирін жеңіспен бастады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы грунт турниріндегі жолын сәтті бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.

Алғашқы айналымда отандасымыз әлемдік рейтингте 19-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдермен шеберлік байқасты.

Бірінші сетте Елена ойын тізгінін өз қолында ұстап, 6:3 есебімен басым түсті. Өз геймдерінде сенімді ойнаған ол, бір брейк жасау арқылы партия тағдырын өз пайдасына шешті.

Екінші кезеңде ойын тартыстырақ болғанымен, Рыбакина қажетті сәтте басымдықты арттыра білді. Қарсыласының қарсылық көрсетуге тырысқанына қарамастан, Елена кәсіби шеберлігі мен салқынқандылығының арқасында тағы бір брейк жасап, матчты 6:4 есебімен түйіндеді.

Айта кетейік, Штутгарт корттары біздің құрама көшбасшысы үшін өте қолайлы мекен. Елена бұған дейін, 2024 жылы осы беделді додада чемпион атанған болатын.

Келесі кезеңде Рыбакина Лейла Фернандес (Канада) және Зейнеп Сонмез (Түркия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан