5 сағат бұрын
Рыбакина жартылай финал жолдамасына таласады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орын) Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан турнирдің ширек финалында өнер көрсетеді.
Қазақстандық теннисшінің қарсыласы — канадалық Лейла Фернандес (25-орын). Кездесу Қазақстан уақытымен 21:30-да басталады.
Осыған дейін Рыбакина ресейлік Диана Шнайдерді жеңсе, Фернандес филиппиндік Александра Эала мен түркиялық Зейнеп Сёнмезден басым түсті.
Айта кетейік, Штутгарттағы турнир 13–19 сәуір аралығында өтуде. Жарыстың жүлде қоры 1 049 083 еуроны құрайды. Жеңімпаз 161 310 еуро мен 500 рейтингтік ұпайға ие болады.
Өткен жылы бұл турнирде латвиялық Елена Остапенко топ жарса, 2024 жылы чемпион атанған теннисші — Елена Рыбакина.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан