Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Даниель Юрекли Душанбедегі ITF турнирінде алтын мен күмісті қанжығасына байлады

Даниель Юрекли Душанбедегі ITF турнирінде алтын мен күмісті қанжығасына байлады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Тәжікстан астанасында мәресіне жеткен ITF World Tennis Tour Juniors (J30) сериясының халықаралық турнирінде 16 жастағы қазақстандық Даниель Юрекли үздік өнерімен көзге түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жас талант қос бірдей бағдарлама бойынша финалға шығып, жарыстың басты жаңалығына айналды.

Жұптық сында Даниель отандасы Арафат Мұстафамен бірге тамаша тандем құрап, турнир жеңімпазы атанды. Шешуші матчта қазақстандық жұп жарыстың 2-ші ракеткалары болып тіркелген Иван Чернышов (Беларусь) пен Никита Гафуров (Өзбекстан) дуэтімен кездесті. Отандастарымыз кортта толық басымдық танытып, қарсыластарын 6:2, 6:4 есебімен еш қиындықсыз қапы қалдырды.

Даниель жекелей сында да жоғары деңгейдегі ойын үлгісін көрсетіп, финалға дейін сенімді жетті. Бас жүлде сарапқа салынған матчта ол жергілікті теннисші Сомон Амоновпен шеберлік байқасты. Үш сетке созылған өте тартысты бәсекеде Юрекли алаң иесіне 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жол беріп, турнирдің күміс жүлдесін иеленді.

Душанбедегі табысты нәтиже – жұптық сындағы чемпиондық титул мен жекелей сындағы финал – Даниель Юреклидің юниорлар турындағы тұрақты дамуын және оның халықаралық аренадағы үлкен әлеуетін айқын дәлелдейді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан