3 күн бұрын
Бүгін Қазақстандық теннисші шешуші ойын өткізеді
Сенбі, 18 сәуір күні қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгартта (Германия) өтіп жатқан Porsche Tennis Grand Prix турнирінің жартылай финалында ресейлік Мирра Андреевамен кездеседі.
Матч Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.
Рыбакина турнирдегі басты фавориттердің бірі саналады. Ол алғашқы айналымда Диана Шнайдерді 6:3, 6:4 есебімен жеңсе, кейін Лейла Фернандестен 6:7, 6:4, 7:6 нәтижесімен басым түсті.
Ал Мирра Андреева Штутгартта үш матч өткізді: алдымен өткен жылғы чемпион Елена Остапенконы (5:7, 6:2, 6:4), кейін Алисия Парксты (7:5, 6:3) және Ига Швёнтекті (3:6, 6:4, 6:3) жеңді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан