1 күн бұрын
Қазақстандық жұлдыз финалда өнер көрсетеді
Жексенбі, 19 сәуір күні қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалында чехиялық Каролина Муховамен кездеседі.
Матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады.
Турнир барысында Рыбакина Диана Шнайдерді, Лейла Фернандесті және Мирра Андрееваны жеңсе, Мухова Александра Сасновичті, Элизе Мертенсті, Кори Гауффты және Элина Свитолинаны ұтты.
Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры 1 049 083 еуроны құрайды. Жеңімпаз 161 310 еуро мен 500 рейтингтік ұпайға ие болады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан