2 күн бұрын
Теннисші Ансар Ниетқалиев Қытайдағы турнирде топ жарды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Ансар Ниетқалиев Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен ITF World Tennis Tour Juniors (J60) халықаралық турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Sport12.kz.
15 жастағы спортшы жарыс жолында жоғары деңгейдегі тұрақты әрі сапалы ойын үлгісін көрсетіп, турнир чемпионы атанды.
Шешуші финалдық кездесуде Ансар жергілікті қытайлық теннисшімен шеберлік байқасты. Тартысқа толы матчта отандасымыз ойын тізгінін өз қолында ұстап, маңызды сәттерде басымдық танытты. Нәтижесінде 7:5, 6:3 есебімен сенімді жеңіске жетіп, бас жүлдені иеленді.
Бұл жеңіс Ансар Ниетқалиевтің юниорлар турындағы айтарлықтай өсуін дәлелдеп, оның әлемдік рейтингтегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді. Енді жас талант бұдан да беделді саналатын Уханьдағы J100 турнирінде бақ сынау үшін жолға шығады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан