2 күн бұрын
Рыбакина корттағы психологиялық тұрақтылығының сырын ашты
Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина матчтар кезінде сабырлылықты қалай сақтайтынын айтып берді.
Теннисшінің сөзінше, ол психологпен тұрақты түрде жұмыс істемейді және негізгі тәжірибені жарыстар барысында жинаған.
«Психологпен жұмыс істеп көрдім, бірақ көп болмады. Көп нәрсе тәжірибемен келеді: турнирлерге қатысасың, жеңесің, кейде ауыр финалдарда жеңілесің — мұның бәрі үлкен тәжірибе береді. Сондай-ақ команда өте маңызды рөл атқарады: олар қиын сәттерде қолдап, мотивация береді. Қазір бәріне көңілім толады», — деді Рыбакина.
Қазіргі таңда қазақстандық теннисші Штутгартта өтіп жатқан WTA 500 турнирінде сәтті өнер көрсетіп жатыр. Ол жартылай финалда Мирра Андрееваны 7:5, 6:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Бұған дейін Диана Шнайдер мен Лейла Фернандесті де жарыстан шығарған еді.
Финалда Рыбакина чехиялық Каролина Муховамен кездеседі. Шешуші матч 19 сәуірге жоспарланған. Турнир жеңімпазы 160 мың еуродан астам сыйақы мен 500 рейтингтік ұпайға ие болады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан