Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

11 сағат бұрын

Елена Рыбакина 2026 жылғы екінші титулын жеңіп алды

Елена Рыбакина 2026 жылғы екінші титулын жеңіп алды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орын) Германияның Штутгарт қаласында өткен турнирдің финалында чехиялық Каролина Мухова (12-орын) жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Финалда Рыбакина қарсыласын екі сетте — 7:5, 6:1 есебімен ұтып, чемпион атанды.

Турнир барысында қазақстандық спортшы Диана Шнайдер (19-орын) — 6:3, 6:4, Лейла Фернандес (25-орын) — 6:7, 6:4, 7:6 және Мирра Андреева (9-орын) сияқты қарсыластарын да тізе бүктірді.

Бұл жеңіс Рыбакина үшін 2026 жылғы екінші титул болды. Бұған дейін ол қаңтар айында Australian Open турнирінде топ жарған еді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирді екінші рет ұтып отыр. Алғашқы титулын ол 2024 жылы жеңіп алған болатын.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан