20 сағат бұрын
Рыбакина Мадрид турниріндегі қарсыластарын білді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орын) Испанияның Мадрид қаласында өтетін турнирдегі алғашқы қарсыластары туралы білді.
Рыбакина бірінші айналымды өткізіп, жарысты екінші кезеңнен бастайды. Ол онда румыниялық Елена-Габриэла Русе (61-орын) мен хорватиялық Антония Ружич (58-орын) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Мадридтегі турнир 21 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтеді. Айта кетейік, қазақстандық теннисші бұл жарысқа Германияның Штутгарт қаласындағы турнирде жеңіске жеткеннен кейін келеді. Бұл — Рыбакина үшін 2026 жылғы екінші титул: ол қаңтар айында Australian Open турнирінде де топ жарған болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан