Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Елена Рыбакина: қанша ұпай жинайтыныма мән бермеймін

Елена Рыбакина: қанша ұпай жинайтыныма мән бермеймін

«Үлкен дулыға» турнирлерінің екі дүркін чемпионы, әлемнің екінші ракеткасы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде төрт дүркін мэйджор жеңімпазы Арина Соболенконы басып озу үшін қанша ұпай жетпей тұрғанын бақылап отыра ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz

— Мен ұпайларға аса қатты мән бере бермеймін. Білуімше, кейде оны менің командам тексеріп отырады. Бірақ бұл басты мақсат емес. Біз үшін ең маңыздысы — тұрақтылық танытып, жақсы ойын көрсету. Өйткені басқа ойыншылардың нәтижесін бақылау мүмкін емес. Сіз тек өз жұмысыңызды барынша жақсы атқаруыңыз керек.

Менің ойымша, қазір бәрі жақсы жүріп жатыр. Біз алдағы ірі турнирлерге дайындала отырып, осы қарқынды сақтауға тырысамыз. Осы аптадан барынша пайда алып, оны келесі турнирлерде қолдана аламын деп үміттенемін, — деді Рыбакина баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, кеше Елена Рыбакина Германиядағы беделді турнир саналатын WTA 500 Штутгарт турнирін жеңіп алған еді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан