4 сағат бұрын
Құламбаева ITF турнирінің екінші айналымына шықты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Баотоу қаласында өтіп жатқан ITF санатындағы турнирде жұптық сында сәтті өнер көрсетті.
Құламбаева ресейлік Екатерина Рейнгольдпен бірге алғашқы айналымда Литваның Юстина Микульските және Қытайдың Хан Ши дуэтін жеңді.
Кездесу 1 сағат 35 минутқа созылып, 6:3, 4:6, 10:4 есебімен аяқталды. Қазақстандық-ресейлік жұп матч барысында 5 брейк жасап, өз геймінде 4 рет ұтылды.
Екінші айналымдағы қарсыластар Варвара Пеншина / Юфей Рен және Анастасия / Рада Золотарева жұптары арасындағы матчтан кейін анықталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан