3 сағат бұрын
Құламбаева Қытайдағы ITF турнирінде жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Баотоу қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің жекелей сынында сәтті өнер көрсетті.
Әлемнің 395-ракеткасы саналатын қазақстандық теннисші алғашқы айналымда рейтингте 326-орында тұрған жапониялық Сара Сайтоны үш сетте жеңді.
Кездесу 2 сағат 6 минутқа созылды. Құламбаева өз геймдерінде бес рет ұтылғанымен, қарсыласының тоғыз рет брейкін жасай алды.
Бірінші сетте ол қарсыласын 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Екінші партияда Сайто есепті теңестірсе, шешуші сетте Құламбаева басымдық танытып, матчты 6:0, 4:6, 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Жібек Құламбаева жұптық сында да Екатерина Рейнгольдпен бірге турнирдің екінші айналымына шыққан болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан