5 күн бұрын
Жібек Құламбаева Қытайдағы турнирде жартылай финалға шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Баотоу қаласында өтіп жатқан ITF W50 сериясындағы турнирдің жұптық сынында ширек финалынан өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құламбаева ресейлік Екатерина Рейнгольдпен бірге тандем құрып, ширек финалда ресейлік апалы-сіңлілі Анастасия және Рада Золотареваларға қарсы кортқа шықты. 59 минутқа созылған кездесу қазақстандық-ресейлік жұптың айқын басымдығымен аяқталды. Қорытынды есеп – 6:0, 6:4.
Ойын барысында Құламбаева мен Рейнгольд мүмкіндіктерді мүлт жібермей, алғашқы сетте қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ. Екінші партияда да жинақылық танытып, жеңісті қолдан шығармады.
Енді жартылай финалда Жібек Құламбаева мен Екатерина Рейнгольд Жаньсю Хань (Қытай) және Эми Жу (АҚШ) жұбымен финал жолдамасын сарапқа салады.
Айта кетейік, бұған дейін Жібек Құламбаева аталған турнирдің жекелей сынындағы бәсекесін аяқтаған болатын. Екінші айналымда отандасымыз қытайлық Ю Фэй Жэньге (әлемнің 368-ракеткасы) 1:6, 3:6 есебімен есе жіберді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан