Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

Рыбакина Мадридтегі алғашқы матчын өткізеді

Рыбакина Мадридтегі алғашқы матчын өткізеді

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орын) бүгін Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан турнирдегі алғашқы ойынын өткізеді.

Екінші айналымда қазақстандық спортшы румыниялық Елена-Габриэла Русемен (71-орын) кездеседі. Матч 15:30-да басталады.

Айта кетейік, бұған дейін Русе хорватиялық Антония Ружичті 6:3, 4:6, 6:0 есебімен жеңген болатын.

Бұл жұптың жеңімпазы келесі кезеңде қытайлық Чжэн Циньвэнь мен америкалық София Кенин арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.

Мадрид турнирі 21 сәуір мен 2 мамыр аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 8 235 540 еуроны құрайды. Ал жеңімпаз 1 007 165 еуро мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Қазіргі турнирдің чемпионы — әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан