4 күн бұрын
Елена Рыбакина Мадридтегі алғашқы кездесуінде жеңісті жұлып алды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадридтегі грунт турниріндегі алғашқы кездесуінде ерік-жігер танытып, маңызды жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың екінші айналымында ол румыниялық Елена-Габриэла Русенің (№71 WTA) қарсылығын еңсерді.
Матчтың басы Румыния өкілінің еншісінде кетті: Рыбакина ойын ырғағына бірден үйлесе алмай, алғашқы сетте 4:6 есебімен жол берді. Алайда екінші партияда Елена тізгінді өз қолына алып, кортта үстемдік орнатты. Нәтижесінде – 6:3.
Шешуші сет нағыз тартысқа толы марафонға айналды. Келесі кезеңнің жолдамасы тек соңғы сәтте шешіліп, қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды – 7:5. Шиеленісті матч 2 сағат 28 минутқа созылды. Осы жеңісі арқылы Рыбакина Русемен өзара кездесулеріндегі есепті 3:0-ге жеткізіп, басымдығын нығайта түсті.
Үшінші раундта Еленаны Париж Олимпиадасының чемпионы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен (№36 WTA) бәсеке күтіп тұр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан