Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Рыбакина Мадридте 1/8 финалда ойнайды

Рыбакина Мадридте 1/8 финалда ойнайды

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 2-орында тұрған Елена Рыбакина Испания астанасы Мадридте өтіп жатқан WTA турнирінің 1/8 финалында өнер көрсетеді.

Бұл кезеңде ол Австрия өкілі, әлемнің 56-ракеткасы Анастасия Потаповамен кездеседі.

Матч 27–28 сәуірге қараған түні өтеді. Ойынның басталуы 00:00-ге жоспарланған (Астана уақыты).

Рыбакина турнирді сенімді бастады. Алдымен румыниялық Елена-Габриэла Руседен 4:6, 6:3, 7:5 есебімен басым түсті. Кейін үшінші айналымда Қытай теннисшісі Чжэн Циньвэньді 4:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Ал Анастасия Потапова турнир жолын квалификациядан бастады. Ол алғашқы матчта сербиялық Теодора Костовичті 6:4, 7:5 есебімен жеңді. Алайда кейін австриялық Синья Краусқа 2:6, 7:6, 3:6 есебімен жол беріп, негізгі сеткаға «лаки-лузер» ретінде қайта оралды. Негізгі кезеңде Потапова Қытай өкілі Чжан Шуайды 6:3, 6:1 есебімен, кейін Латвия теннисшісі Елена Остапенконы 4:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Еске салайық, бұл матч ширек финалға берілетін жолдаманы анықтайды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан