6 сағат бұрын
Құламбаева WTA 125 турнирінде іріктеуді сәтті аяқтады
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева (WTA рейтингінде 395-орын) Қытайдың Хучжоу қаласында өтіп жатқан WTA 125 сериясындағы «Челленджер» турнирінің іріктеу кезеңін сәтті еңсерді.
Финалдық ойында Құламбаева қытайлық спортшы Мэйки Гоны (WTA 484-орын) екі сетте жеңді — 6:1, 7:6 (8:6).
Екінші сетте қазақстандық теннисші брейкпен ұтылып жатқанымен, ойын барысын өз пайдасына өзгертіп, төрт сетболды қайтарып, кездесуді жеңіспен аяқтады. Матчтың жалпы ұзақтығы екі сағатты құрады.
Осылайша, Мэйки Го жарысты аяқтаса, Жібек Құламбаева турнирдің негізгі сеткасына жолдама алды. Оның алғашқы қарсыласы кейін анықталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан