21 сағат бұрын
Мадрид турнирінің ширек финал жұптары анықталды
Испания астанасы Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалында кездесетін теннисшілер белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко ширек финалда америкалық Хейли Баптистпен кездеседі.
Украиналық Марта Костюк чехиялық Линда Носковамен ойнайды.
Ресейлік Мирра Андреева жартылай финал жолдамасын канадалық Лейла Фернандеспен сарапқа салады.
Ал австриялық Анастасия Потапова чехиялық Каролина Плишковамен кортқа шығады.
Айта кетейік, Madrid Open-2026 турнирінің жүлде қоры 8 235 540 еуроны құрайды. Жекелей сында чемпион атанған теннисші 1 007 165 еуро сыйақы алып, 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан