4 сағат бұрын
Құламбаева Хучжоу турниріндегі жарысын аяқтады
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Хучжоу қаласында өтіп жатқан WTA 125 турнирінде жекелей сындағы жарысын аяқтады.
Алғашқы айналымда ол жергілікті спортшы Сю Ванға (WTA 170) 3:6, 4:6 есебімен есе жіберді. Кездесу 1 сағат 55 минутқа созылды.
Ойын барысында Құламбаева бірде-бір эйс жасай алмады, екі қос қателік жіберіп, төрт брейк-пойнтты жүзеге асырды. Сонымен қатар, өз геймін жеті рет қарсыласына беріп қойды.
Жібек Құламбаева жұптық сында жарысты жалғастырады. Ол ресейлік Екатерина Рейнгольдпен бірге өнер көрсетеді. Келесі кезеңде олардың қарсыластары қытайлық Инин Дан мен Ю Сяоди болмақ.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан