Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Теннис жұлдыздарының қанша табыс тапқаны жарияланды

Теннис жұлдыздарының қанша табыс тапқаны жарияланды

WTA 1000 санатындағы Мадрид турнирінде әлемнің үздік теннисшілері — Елена Рыбакина, Арина Соболенко және Кори Гауфф қанша табыс тапқаны белгілі болды.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жарысты 1/8 финалда аяқтады. Ол Анастасия Потаповаға есе жіберіп, турнирден шамамен 109 мың доллар (шамамен 50,5 млн теңге) табыс тапты.

Сол кезеңде жарыстан шығып қалған америкалық Кори Гауфф та дәл осындай соманы иеленді.

Беларусь өкілі Арина Соболенко ширек финалға дейін жетіп, жарысты тоқтатты. Ол Мадрид турнирінен шамамен 200 мың доллар (шамамен 92,6 млн теңге) табыс тапқан.

Айта кетейік, Мадрид турниріндегі чемпиондық үшін күресті Потапова, Баптист, Мирра Андреева және Марта Костюк жалғастыруда.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан