6 сағат бұрын
Ұлттық құрама 1/16 финалға жолдама алды
Лондонда (Ұлыбритания) өтіп жатқан үстел теннисінен командалық әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Ерлер құрамасы топтық кезеңде үш ойынның үшеуінде жеңіске жетіп, өз тобында бірінші орын алды. Осы нәтиже оларға тікелей 1/16 финалға шығуға мүмкіндік берді.
Әйелдер құрамасы өз тобында екінші орын алып, кейінгі іріктеу матчында Бельгияны 3:0 есебімен жеңіп, үздік 32 команданың қатарына енді.
Бүгін, 4 мамыр күні, Қазақстан құрамалары 1/8 финалға шығу үшін матчтарын өткізеді. Ерлер құрамасы Испаниямен, ал әйелдер командасы Швециямен кездеседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан