Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 күн бұрын

Үстел теннисінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының нәтижесі қандай?

Үстел теннисінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының нәтижесі қандай?

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sport12.kz.

1/8 финалда қазақстандық спортшылар Жапония құрамасымен кездесті.

Алғашқы ойында Кирилл Герасименко Сора Мацусиманы 3:1 есебімен жеңді.

Кейін Томоказу Харимото Алан Құрманғалиевтен 3:0 есебімен басым түсіп, есепті теңестірді.

Одан кейін Айдос Кенжіғұлов пен Сюнсүке Тогами өзара мықтыны анықтады. Бұл кездесуде жапониялық спортшы 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Төртінші матчта Кирилл Герасименко Томоказу Харимотоға 0:3 есебімен есе жіберді.

Осылайша, Жапония құрамасы жалпы есепте 3:1 нәтижесімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

Қазақстан құрамасы жарысты 1/8 финал кезеңінде аяқтады. Бұл - ұлттық құраманың командалық әлем чемпионатындағы ең үздік нәтижесі.

Айта кетейік, Жапония ерлер құрамасы Токио Олимпиадасында командалық сайыста қола жүлдеге ие болған еді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан