4 күн бұрын
Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Әлемнің екінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші айналымын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.
Отандасымыз грекиялық Мария Саккариді (47 WTA) екі сетте айқын басымдықпен жеңді.
Теннисшілердің корттағы кездесуі 1 сағат 16 минутқа созылып, 6:4, 6:1 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды. Ойын статистикасына сүйенсек, Елена 5 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың тең жартысын (6) сәтті пайдаланған. Ал Саккари бірде-бір эйс жасай алмады және матч барысында екі рет қосарланған қателік жіберді.
Келесі айналымда Қазақстанның үздік теннисшісі филиппиндік Александра Эаламен (42 WTA) шеберлік байқасады.
Елена Рыбакина 2023 жылы Рим турнирінде жеңімпаз атанып, чемпиондық титулды иеленген болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан