3 күн бұрын
Рыбакинаның Римдегі матчы кейінге шегерілуі мүмкін
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Римдегі WTA 1000 турниріндегі матчы ауа райына байланысты кейінге қалуы мүмкін.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда филиппиндік Александра Эаламен кездесуі тиіс. Алайда синоптиктер Италия астанасында ұзаққа созылатын жаңбыр жауатынын болжауда.
Мәліметке сәйкес, жауын-шашын жергілікті уақытпен 12:00-де басталып, кемінде 19:00-ге дейін жалғасуы мүмкін. Дәл осы уақыт аралығында Рыбакинаның кортқа шығуы жоспарланған.
Сондай-ақ қолайсыз ауа райына байланысты Карен Хачанов – Ботик ван де Зандсхулп және Диана Шнайдер – Наоми Осака матчтары да кейінге қалуы мүмкін.
Айта кетейік, Римдегі турнирдің қазіргі чемпиондары — Жасмин Паолини мен Карлос Алькарас. Алайда биыл екеуі де титулдарын қорғай алмайды: Паолини жарысты ерте аяқтаса, Алькарас жарақатына байланысты турнирге қатыспай отыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан