3 сағат бұрын
Рыбакина Римдегі матчқа жоспарын айтты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің 1/8 финалында чехиялық Каролина Плишковаға қарсы матч алдында өз ойымен бөлісті.
Әлемнің екінші ракеткасы қарсыласының тәжірибесін және ойын стилінің ерекшелігін атап өтті.
«Каролинаның добысы мықты, ол агрессивті ойнайды. Ол бұл турнирде бірнеше рет жеңіске жеткен, сондықтан жағдайды жақсы біледі. Қарсыласым кім болса да, мен өз ойыныма көңіл бөлуге тырысамын, тіпті ұсақ тұстарды да жақсартуға жұмыс істеймін. Мен әр доп үшін күресемін», — деді Рыбакина.
Сондай-ақ қазақстандық теннисші Плишковаға қарсы ойында сабыр сақтап, шабуылда белсендірек болу маңызды екенін айтты.
Еске салайық, Рыбакина Рим турнирінің үшінші айналымында филиппиндік Александра Эаланы жеңген болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан