1 күн бұрын
Анна Данилина Римдегі «мыңдық» турнирінің 1/8 финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Жұптық сындағы Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алғашқы айналымда отандасымыз америкалық Эйша Мухаммадпен бірге Қытай елінің өкілдері Синьюй Янь мен Сюй Ифань жұбын қапы қалдырды.
1 сағат 25 минутқа созылған кездесу 6:4, 1:6, 13:11 есебімен Данилина мен Мухаммадтың пайдасына аяқталды. Ойынның ең шиеленісті сәті супертайбрейкте орын алды: Анна мен Эйша қарсыластарының төрт бірдей матчболын қайтарып, шешуші сәтте жеңісті жұлып алды.
30 жастағы Данилина мен 35 жастағы Мухаммад үшін Италиядағы дода осы маусымдағы үшінші бірлескен турнир болды. Бұған дейін олар Сен-Мало (WTA 125) және Мадридте (WTA 1000) бірге өнер көрсетіп, корттағы өзара түсіністікті арттырып келеді.
Келесі кезең Италия ашық чемпионатының ширек финалына жолдама алу үшін Данилина мен Мухаммад Ирина Хромачева (Ресей) / Джулиана Олмос (Мексика) жұбымен кездеседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан