5 сағат бұрын
Рыбакина топырақ корттағы ойынның қиындығын айтты
Қазақстандық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина топырақ төсенішіндегі корттарда ойнаудың ерекшелігі мен қиындығы жайлы пікір білдірді.
Рыбакинаның айтуынша, мұндай жабындағы басты қиындық — физикалық дайындық.
«Топырақтағы ойындағы ең қиын нәрсе — физикалық жүктеме. Ұзаққа созылатын ұпайларға дайын болу керек және өз добысыңда оңай ұпай жоғалтпау маңызды. Себебі бұл жабында доп алмасу жиі болады. Кейде шабуылдауға мүмкіндік барын көремін, бірақ сабыр сақтап, айналдыруы көп соққыларды қолданған дұрыс екенін түсіну қажет», — деді теннисші.
Сондай-ақ ол Мадрид пен Римдегі корттардың айырмашылығына тоқталды. Оның сөзінше, Мадридтегі төсеніш жылдамырақ болса, Римде аяқпен көбірек жұмыс істеуге тура келеді. Ал күн шыққанда корт жылдамдап, Париждегі жағдайға ұқсай түседі.
Еске салайық, қазір Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі өнерін жалғастырып жатыр. Ширек финалда ол украиналық Элина Свитолинамен кездеседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан