7 сағат бұрын
Рыбакина Римде жартылай финал үшін кортқа шығады
13 мамыр күні қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Римде (Италия) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында украиналық Элина Свитолинамен кездеседі.
Матч Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады. Тікелей эфир матчты көрсететін ресми платформаларда қолжетімді болады.
Айта кетейік, Рыбакина турнир барысында Мария Саккари, Александра Эала және Каролина Плишкованы жеңіп, ширек финалға шықты. Ал Свитолина Ноэми Базилетти, Хейли Баптист және Никола Бартуньковадан басым түсті.
Сонымен қатар, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко жарыстан шығып қалғаннан кейін, Елена Рыбакина турнирдің басты фавориттерінің біріне айналды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан