7 сағат бұрын
Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирде жүлдегер атанды
Қазақстан құрамасының өкілдері Алан Құрманғалиев пен Зауреш Акашева Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен WTT Feeder Istanbul турнирінде жүлдегер атанды.
Қазақстандық спортшылар аралас жұптық сында қола медаль жеңіп алды.
Жарыс барысында олар Түркия, Канада және Грекия спортшыларынан құралған жұптарды жеңіп шықты. Алайда финал жолдамасы үшін өткен кездесуде Оңтүстік Корея өкілдеріне 1:3 есебімен есе жіберіп, үшінші орынға тұрақтады.
Осылайша, қазақстандық үстел теннисшілері халықаралық турнирді қола жүлдемен аяқтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан