Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Junior Billie Jean King Cup турнирінде Қазақстан мен Үндістан кездеседі 

Junior Billie Jean King Cup турнирінде Қазақстан мен Үндістан кездеседі 

Фото: Қазақстан тенис федерациясы

Шымкентте өтіп жатқан 16 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Билли Джин Кинг кубогының аймақтық іріктеу кезеңі (Азия/Мұхит жағалауы) мәресіне жақындады6 деп хабарлайды Sport12.kz

5-8 орындар үшін таласқа түскен Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңінің алғашқы матчында Қытай командасына 1:2 есебімен жол берді.

Жерлестеріміз серияны сәтті бастағанымен, жалпы есепте басымдықты сақтап қала алмады:

Алғашқы жекелей сында Тамина Сәкен Цзиньлин Шиді 6:4, 6:4 есебімен сенімді жеңіп, құрамамызды алға шығарды.

Екінші матчта Каролина Лигай мен Шан Фанъюй арасында тартысты бәсеке өтіп, 2:6, 5:7 есебімен қарсылас жеңіске жетті.

Кездесу тағдыры жұптық сында шешілді. Мәриям Нұржан мен Тамина Сәкен дуэті Шан Фанъюй / Сунь Цзяи жұбына қарсы тұрды. Өкінішке қарай, бұл матч 2:6, 5:7 есебімен аяқталып, жалпы жеңіс Қытай құрамасының еншісіне кетті.

Турнирдің қорытынды күнінде Қазақстан құрамасы 7-8 орындарды сарапқа салу үшін Үндістан командасымен кездеседі.

Ал іріктеу кезеңінің бас жүлдесіне Жапония мен Оңтүстік Корея құрамалары таласады. Үшінші орын үшін Тайбэй мен Австралия өзара мықтыны анықтайды. Айта кетейік, жартылай финалға шыққан осы төрт команда күзде Чехияда өтетін әлем чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алып қойды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан