1 күн бұрын
Рыбакина WTA рейтингінде орнын сақтап қалды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңартылған WTA рейтингінде екінші орнын сақтап қалды.
Қазақстандық теннисшінің еншісінде 8 705 ұпай бар. Ал рейтинг көшбасшысы Арина Соболенко 9 960 ұпай жинаған. Осылайша, екі теннисші арасындағы айырмашылық 1 255 ұпайды құрайды.
Үшінші орында польшалық Ига Швентек (7 273 ұпай) тұр. Ал үздік бестікке америкалық теннисшілер Коко Гауфф (6 749) пен Джессика Пегула (6 286) енді.
Қазақстандық Юлия Путинцева рейтингте екі сатыға көтеріліп, 74-орынға жайғасты. Ал Жібек Құламбаева жеті орынға жоғарылап, 384-сатыға көтерілді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан