1 күн бұрын
Бублик ATP рейтингінде үздік ондыққа қайта оралды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP рейтингінің жаңартылған нұсқасында үздік ондыққа қайта енді.
Қазақстандық теннисші бір сатыға жоғарылап, әлемдік рейтингте оныншы орынға көтерілді. Бұған оның Римдегі «Мастерс» турнирінің үшінші айналымында жеңілгеніне қарамастан, италиялық Лоренцо Музеттидің өткен жылғы ұпайларын қорғай алмауы әсер етті.
Айта кетейік, Александр Бублик бұған дейін Қазақстан тарихында ATP рейтингінің топ-10 қатарына енген алғашқы ер теннисші атанған болатын. Енді ол қайтадан әлемнің үздік ойыншылары қатарына қосылды.
Қазақстандық өзге теннисшілер арасында Александр Шевченко 88-орында, Тимофей Скатов 191-сатыда, Денис Евсеев 440-орында тұр. Ал Григорий Ломакин 19 орынға көтеріліп, 933-орынға жайғасты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан