Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Junior Davis Cup: Қазақстан жасөспірімдері финалдық кезеңі үшін сынға түседі

Junior Davis Cup: Қазақстан жасөспірімдері финалдық кезеңі үшін сынға түседі

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Шымкентте 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы командалық әлем чемпионатының аймақтық іріктеу кезеңі – Junior Davis Cup (Азия/Мұхит жағалауы аймағы) басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Турнирге 16 құрама қатысуы керек еді, бірақ Шри-Ланка командасы соңғы сәтте жарыстан бас тартты. Осылайша, кортқа 15 ұжым шығады.

Капитан Сергей Квак бастаған ел құрамасы сапында Аңсар Ниетқалиев, Ахмади Маханов және Родион Трайгель өнер көрсетеді.

Жарыста рейтинг бойынша 5-ші нөмірді иеленген Қазақстан құрамасы D тобында мына командалармен ойнайды:

Оңтүстік Корея (2)

Пәкістан

Түрікменстан

Алғашқы айналымда отандастарымыз Түрікменстан құрамасымен шеберлік байқасады.

Басқа топтардағы жағдай:

А тобы: Жапония (1), Гонконг, Тайбэй.

В тобы: Аустралия (3), Вьетнам, Таиланд, Өзбекстан (6).

С тобы: Үндістан (4), Малайзия, Индонезия, Қытай.

Жартылай финалға шыққан төрт үздік команда қараша айына жоспарланған әлем чемпионатының негізгі кезеңіне тікелей жолдама алады.

Іріктеу кезеңінің барлық матчтары Шымкенттегі «Beeline Arena» халықаралық теннис орталығында өтіп жатыр. Ал турнир мегаполис әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылуда.

Еске сала кетейік, жақында ғана дәл осы корттарда қыздар арасындағы іріктеу сыны (Junior Billie Jean King Cup) аяқталды. Қазақстанның 16 жасқа дейінгі қыздар құрамасы 7-ші орын алып, дүниежүзілік біріншілікке өте алмаған еді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан