5 минут бұрын
Үстел теннисі: Қазақстан құрамасы Ташкенттегі турнирді бес жүлдемен аяқтады
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үстел теннисінен Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ұлттық құрама жарысты бір алтын, бір күміс және үш қола жүлдемен аяқтады.
Жәния Бекмұхамбетова U13 санатында чемпион атанды. Ал Назерке Болатбек U11 жас санаты бойынша күміс медаль иеленді.
Мария Лукьянова (U15), Адель Вебер және Дагир Данияров (U11) турнирді қола жүлдемен қорытындылады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан