2 күн бұрын
Рыбакина «Ролан Гарросқа» дайындықты бастады
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатына (Ролан Гаррос) дайындықты Париж корттарында бастады.
Әлеуметтік желіде әлемнің екінші ракеткасы саналатын Рыбакинаның алғашқы жаттығу сәттерінен видео жарияланды.
Айта кетейік, «Ролан Гаррос» турнирінің негізгі кезеңі 24 мамыр мен 7 маусым аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 72 миллион доллардан асады.
Рыбакина қазіргі грунт маусымында Германияның Штутгарт қаласында өткен WTA 500 турнирінде чемпион атанған болатын. Финалда ол чехиялық Каролина Мухованы екі сетте жеңді — 7:5, 6:1.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан