Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Қазақстандық теннисші Бангкоктағы жарыста үздік үштікке енді

Қазақстандық теннисші Бангкоктағы жарыста үздік үштікке енді

Қазақстан құрамасы Таиландтың Бангкок қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық үстел теннисі турнирінде жүлдеге қол жеткізді.

U-13 жас санатында қазақстандық Жания Бекмұхамбетова үздік үштікке еніп, қола медаль иеленді.

Жарыс барысында отандасымыз Таиланд өкілі Фаннапат Чингсоньоенді, Сингапур спортшылары Чен Этель мен Мао Хлоюды 3:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ Жапония теннисшісі Асахи Кавагучиді тартысты кездесуде 3:2 есебімен ұтты.

Алайда жартылай финалда малайзиялық Анг Чжи Юйге 1:3 есебімен есе жіберіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Жания Бекмұхамбетова Ташкентте (Өзбекстан) өткен WTT Youth Contender турнирінде чемпион атанған еді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан