1 сағат бұрын
Junior Davis Cup: Қазақстанның U16 құрамасы финалдық кезеңге шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Теннистен Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Junior Davis Cup жарысының финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Шымкентте өтіп жатқан Азия/Мұхит жағалауы аймақтық іріктеу турнирінің жартылай финалына жолдама алған отандастарымыз әлемдік біріншіліктің шешуші сатысына мерзімінен бұрын өтті.
Ширек финалдық бәсекеде Қазақстан құрамасы Гонконг командасын ұтты. Алғашқы болып кортқа шыққан Ахмади Маханов қарсыласы Такуто Матсуоны 6:2, 6:3 есебімен қапы қалдырды. Одан кейінгі кездесуде Аңсар Ниетқалиев Чой Фу Вангтан 6:3, 6:4 есебімен басым түсіп, жалпы есептегі жеңісті бекітті.
Жекелей сындағы екі матчтан кейін есеп 2:0 болып, кездесу тағдыры шешілгендіктен, жұптық ойын өткізілген жоқ.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан