Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 сағат бұрын

Александр Бублик Женевадағы турнирдің ширек финалына шықты

Александр Бублик Женевадағы турнирдің ширек финалына шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Швейцарияда өтіп жатқан топырақ кортындағы ATP 250 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Екінші айналымда әлемдік рейтингте 10-орында тұрған ұлттық құрама көшбасшысы литвалық Эдас Бутвиласпен (№253 ATP) шеберлік байқасты. Теннисшілердің өзара алғашқы кездесуі екі сетте 6:4, 6:3 есебімен отандасымыздың пайдасына аяқталды. Корттағы текетірес 1 сағат 20 минутқа созылды.

Енді Женевадағы жарыстың жартылай финалына шығу үшін Бублик франциялық Артур Риндеркнехпен күш сынасады.

Еске сала кетейік, Римдегі Мастерс турнирінен кейін Александр Бублик жекелей сында әлемнің ең үздік 10 теннисшісінің қатарына қайта оралған болатын.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан