2 күн бұрын
«Ролан Гаррос»: Рыбакинаның алғашқы ойыны қашан өтеді?
Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина 2026 жылғы «Ролан Гарростағы» алғашқы матчын қашан өткізетіні белгілі болды.
Турнирдің алғашқы айналымында Рыбакина әлемдік рейтингте 85-орында тұрған словениялық теннисші Вероника Эрьявецпен кездеседі.
Негізгі кезең ойындары 24 мамырда басталғанымен, ресми кестеде Рыбакина мен Эрьявец арасындағы матч жексенбі күнгі бағдарламаға енбеген. Ақпаратқа сәйкес, қазақстандық теннисшінің кездесуі 25 мамыр, дүйсенбі күні өтеді.
Айта кетейік, Елена Рыбакина бұған дейін «Ролан Гаррос» турнирінде ширек финалдан әрі аса алмаған. Ал турнирдің қазіргі чемпионы — америкалық Coco Gauff.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан