2 күн бұрын
Навратилова Елена Рыбакинаның басты мәселесін атады
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Мартина Навратилова «Ролан Гаррос» турнирі алдында әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакинаның қазіргі жағдайына баға берді.
Оның айтуынша, қазақстандық теннисшінің соңғы жылдардағы басты мәселесі — денсаулық жағдайы.
«Рыбакинаның негізгі басты мәселесі соңғы жылдары теннис емес, денсаулық болды. Аурулар, тыныс алу мәселелері және энергия деңгейі. Ең бастысы — денсаулығын сақтап қалу», — деді Навратилова.
Сондай-ақ ол Рыбакинаның сазды кортта өзін жайлы сезінетінін, бірақ қозғалыс жағынан кейбір үздік ойыншыларға қарағанда сәл әлсіз тұстары бар екенін атап өтті.
Соған қарамастан, сарапшы қазақстандық теннисшінің дұрыс формада болса, ірі турнирде жоғары нәтижеге жете алатынын айтты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан