7 сағат бұрын
Бублик ATP рейтингінде 10-орнын сақтап қалды
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик өз орнын сақтап, 10-орында қалды. Оның еншісінде 3320 ұпай бар.
Рейтинг көшін италиялық Янник Синнер бастап тұр. Екінші орында испаниялық Карлос Алькарас, ал үздік үштікті неміс Александр Зверев түйіндейді.
Жалпы ондықта Бен Шелтон бесінші орынға көтерілсе, Алекс де Минаур жетінші орынға тұрақтады. Даниил Медведев сегізінші, Тейлор Фритц тоғызыншы орынға сырғыды.
Қазақстандық теннисшілердің басқа өкілдері де рейтингте өзгерістер көрсетті: Александр Шевченко 88-орынға көтерілді, Тимофей Скатов 189-орында тұр. Бейбіт Жұқаев 302-орынға түсті, Денис Евсеев 431-орында, Григорий Ломакин 895-орында, ал Әмір Омарханов 635-орында орналасқан.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан