Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Ақтауда арбадағы теннистен халықаралық турнир өтті

Ақтауда арбадағы теннистен халықаралық турнир өтті

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Ақтауда арбадағы теннис бойынша ITF Wheelchair 50 сериясына жататын халықаралық Zijin RG Gold Open жарысы мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Тартысты бәсекелер 23-26 мамыр аралығында Каспий теңізінің жағалауындағы корттарда өтті. Бұл турнир халықаралық тур аясында тұңғыш рет ұйымдастырылып, Қазақстанда өткен көктемгі кәсіби жарыстар сериясының мәрелік түйіні болды.

Дүбірлі жарыста Азия мен Еуропаның 10 елінен келген 60-тан астам спортшы бақ сынады.

Кортта Қазақстан құрамасының көшбасшыларымен бірге Малайзия, Франция, Оңтүстік Корея, Жапония және өзге де мемлекеттердің белді теннисшілері өнер көрсетті. Турнирдің деңгейі жоғары екенін қатысушылардың мәртебесі де дәлелдейді: бас жүлде мен ITF ұпайлары үшін әлемдік рейтингтің алғашқы жүздігіндегі ойыншылар мен Паралимпиада ойындарының қатысушылары кортта шеберлік байқасты.

Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне Қазақстан теннис федерациясының байырғы әрі сенімді серіктесі – Zijin RG Gold компаниясы үлкен қолдау көрсетті. Айта кетерлігі, бұл жоба компания үшін адаптивті спорт бағытына бет бұрудағы алғашқы маңызды қадам болды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан