2 сағат бұрын
Елена Рыбакина сенсациялық жеңіліске ұшырады
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина («WTA» рейтингінде 2-орын) «Ролан Гаррос»-2026 турнирінде күтпеген жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Екінші айналымда Рыбакина украиналық Юлия Стародубцевамен (55-орын) кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша 3:6, 6:1, 6:7 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, Елена Рыбакина турнирдегі жолын мерзімінен бұрын аяқтаса, оның қарсыласы жарыстың үшінші айналымына жолдама алды.
Еске салайық, Қазақстан теннисшісі Францияның ашық чемпионатындағы алғашқы кездесуінде словениялық Вероника Эрьявецті (84-орын) сенімді түрде 6:2, 6:2 есебімен жеңген болатын.
Ал Рыбакинаның «Ролан Гаррос» турниріндегі мансабындағы ең үздік нәтижесі — ширек финал. Ол бұл кезеңге 2021 және 2024 жылдары дейін жеткен.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов