2 күн бұрын
Португалиялық журналист Рыбакинаның жеңілісіне таңғалды
Португалиялық журналист әрі комментатор Жозе Моргаду қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Франция ашық чемпионатындағы күтпеген жеңілісіне қатысты пікір білдірді.
Екінші айналымда әлемнің екінші ракеткасы саналатын Рыбакина украиналық Юлия Стародубцеваға 6:3, 1:6, 6:7 (4:10) есебімен жол беріп, турнирмен қоштасты.
Жозе Моргаду бұл нәтижені турнирдегі ең үлкен сенсациялардың бірі деп бағалады.
«Әлемнің екінші ракеткасы, Australian Open чемпионы және WTA-2026 жарысының көшбасшысы Елена Рыбакина „Ролан Гарростан“ екінші айналымда шығып қалды. Бұл — әзірге турнирдегі ең үлкен сенсация», — деді ол.
Айта кетейік, Рыбакина «Ролан Гаррос»-2026 турниріндегі өнері үшін 130 мың еуро сыйақы алып, 70 рейтингтік ұпай еншіледі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан