2 күн бұрын
Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирді ерте аяқтады
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тың Лейквуд қаласында өтіп жатқан ITF M15 турнирінің екінші айналымына шыға алмады.
Алғашқы кезеңде қазақстандық спортшы америкалық Озан Бариске 3:6, 1:6 есебімен жол берді.
Кездесу барысында Попко бір эйс жасап, бір қос қателікке жол берді. Сондай-ақ қарсыласының доп берген сәтінде төрт геймде жеңіске жетті.
Қазіргі таңда Дмитрий Попко ATP рейтингінде 661-орында тұр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан