Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

12 сағат бұрын

Қазақстандық теннисшілердің жеңілісі Forbes назарына ілікті

Қазақстандық теннисшілердің жеңілісі Forbes назарына ілікті

Forbes журналының сайты «Ролан Гаррос»-2026 турнирінің алғашқы кезеңдеріндегі ең күтпеген нәтижелер рейтингін жариялап, оған қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Александр Бубликтің жеңілістерін енгізді.

Басылым турнирдегі ең ірі сенсация ретінде әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнердің жеңілісін атаған. Сонымен қатар тізімге екінші айналымда жарыс жолынан шыққан Елена Рыбакина мен Александр Бублик те енген.

Forbes мәліметінше, Рыбакина Синнер жеңілгенге дейін турнирден ерте кеткен ең рейтингі жоғары теннисші болған. Қазақстандық спортшы Юлия Стародубцевадан 3:6, 6:1, 7:6 (10:4) есебімен жеңіліп, әлемнің бірінші ракеткасы атану мүмкіндігін жіберіп алды. Матч барысында ол 71 мәжбүрсіз қателікке жол берген.

Ал тоғызыншы нөмірлі Александр Бублик өткен жылы «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына дейін жеткен еді. Алайда биыл ол Германия өкілі Ян-Леннард Штруффқа 7:5, 6:7(6), 6:4, 7:5 есебімен жол берді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан