8 сағат бұрын
Рыбакина Мирра Андреевадан артта қалды
Франция астанасында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінде ресейлік теннисші Мирра Андреева 1/8 финалға жолдама алды.
Екінші айналымда әлемнің 8-ракеткасы Андреева чехиялық Мария Боузкованы 6:4, 6:2 есебімен жеңді.
Осы жеңістен кейін 19 жастағы теннисші маусымдағы жалпы жеңістер саны бойынша қазақстандық спортшы Елена Рыбакинаны басып озды. Қазіргі таңда оның еншісінде 32 жеңіс бар.
Сарапшылар Андрееваның соңғы матчтардағы тұрақты ойынын ерекше атап өтті. Ол соңғы 21 кездесудің 18-інде жеңіске жеткен.
Айта кетейік, Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирін екінші айналымда аяқтаған болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан