Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

«Ролан Гаррос»: үздік ондықтағы алты теннисші жарысты тоқтатты

«Ролан Гаррос»: үздік ондықтағы алты теннисші жарысты тоқтатты

Францияның ашық чемпионатында әйелдер арасындағы бәсекеде әлемдік рейтингтің үздік ондығына кіретін алты теннисші күтпеген жерден жарыс жолынан шығып қалды.

Турнирдің алғашқы айналымында әлемнің бесінші ракеткасы Джессика Пегула жеңілсе, екінші айналымда қазақстандық Елена Рыбакина жарыспен қоштасты.

Үшінші айналымда тағы төрт мықты теннисші — Кори Гауфф, Аманда Анисимова, Виктория Мбоко және Каролина Мухова турнирден шығып қалды.

Осылайша, әлемдік рейтингтің үздік ондығынан тек төрт спортшы ғана «Ролан Гарростың» 1/8 финалына жолдама алды. Олар: Арина Соболенко, Ига Швёнтек, Элина Свитолина және Мирра Андреева.

Айта кетейік, биылғы «Ролан Гаррос» турнирінің жалпы жүлде қоры 61,7 миллион еуроны құрайды. Чемпион атанған теннисші 2,8 миллион еуро мен 2000 рейтингтік ұпайға ие болады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан