1 сағат бұрын
Билеті 4 мың еуро: Ролан Гаррос туралы сіз білмейтін қызықтар
Sport.ru
Бұл күндері тенниссүйер қауымның назары Парижде. Ролан Гаррос немесе Францияның Ашық чемпионаты Үлкен дулыға санатына жататын турнирлердің арасында екінші орында тұрады.
Жыл сайын мамыр айының соңғы аптасы мен маусым айының алғашқы аптасы аралығында өтетін аламан жайлы қызықты деректерге тоқталайық.
* 1891 жылы Францияның ұлттық біріншілігі ретінде басталған бұл турнирге 1925 жылы халықаралық сипат берілді. Ал оған дейін де француз теннисшілері мен жергілікті теннис клубтарының өкілдері ғана қатыса алатын. Дегенмен ең алғашқы жеңімпазды тарих ағылшынд Х.Бриггс деп біледі. Арада алты жыл өткен соң ұйымдастырушылар додаға нәзікжандыларды да қосып көруді ұйғарды. Осылайша 1897 жылы Франсуаза Массон әйелдер арасындағы ең тұңғыш чемпион атанды.
* Үлкен дулыға турнирлерінің арасында тек топырақ төсеніште ұйымдастырылатындығымен танымал Ролан Гаррос теннис маусымында топырақта өтетін додалардың соңғысы. Матчтың 5 сетке жалғасып әрі тай-брейксіз ойналатыны оның өзге аламандарға қарағанда әлдеқайда қиынырақ ете түседі.
* Бүгінде Ролан Гаррос стадионы – әлемдегі ең ірі әрі беделді алаңдардың бірі. Бірақ ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде неміс фашистері бұл кешенді еврейлерді шығысқа аттандырғанға дейін уақытша лагерь ретінде қолданған.
* Теннис кешенінің орталық корты 1928 жылы салынып, 15 адамды оп-оңай адамды сыйдырады. 2001 жылдан бері ол Франция теннис федерациясының бұрынғы президенті Филипп Шатриэнің құрметіне орай Court Philippe Chatrier деп аталды. Маңызы жағынан екінші орында тұрған алаң аты аңызға айналған француз теннисшісі Сюзан Ленгленнің құрметіне Suzanne Lenglen Court деген атау алған. Сыйымдылығы – 10 мың.
* Айта кетерлігі, стадион көлемі келушілер санына ешқашан кедергі келтірген емес. Себебі Ролан Гаррос қонақтарды қабылдау жағынан Үлкен дулыға турнирлері арасында Уимблдоннан кейінгі 2-орында тұр.
* Ролан Гаррос стадионында теннис тарихынан сыр шертетін мұражай бар. Оған қалаған уақытта бас сұғып, өзіңізді қызықтырған сауалдарға жауап ала аласыз.
* Францияның ашық біріншілігіне билеттерді алдын ала сатып алу қажет. Бұлай дейтініміз, ойынды тамашалауға мүмкіндік беретін рұқсат қағазы тек интернет арқылы сатылып, бас-аяғы бірнеше сағатта таратылып кетеді. Мұнда билеттің 3 түрі бар және олардың әрқайсысы сіздің қай кортқа баратыныңызды анықтайды. Ең қымбатын алсаңыз, кездесулерді Филипп Шатриэ немесе Сюзан Ленглен корттарынан бақылайсыз. Олардың бағасы 50 еуродан басталады. Ал 20 еуродан басталатын ең арзан билеттер тек қосымша корттарға кіруге рұқсат береді. Жалпы, билеттер бағасы 15 еуродан 4 мың еуроға дейін тұрады.
* Айтпақшы, аталмыш турнирді тегін де тамашалуға болады. Өйткені Париж мэриясының алдындағы алаңда матчтар үлкен экран арқылы тікелей эфирден көрсетіледі.
* Егер теннисті алаңнан тамашалаймын деп шешсеңіз, жаныңызда міндетті түрде бас киім, қолшатыр және фотоаппарат болсын. Алаңда тамақтану қымбатқа түсетіндіктен, жейтін тамағыңызды өзіңізбен бірге ала барғаныңыз дұрыс.
* Бір кездері Париж корттарына жанкүйерлер Бьорн Боргтың ойынын тамашалу үшін жиналатын. Швед Ролан Гарросты қатарынан 6 рет ұтқан. Бұл турнир тарихында Иван Лендл, Матс Виландер секілді спортшылардың есімдері де ерекше сақталған. Ал 90-жылдардың соңында бразилиялық Густаво Куэртенаның жұлдызы жанды. Алдымен 1997 жылы үздік атанған ол 2000 және 2002 жылдары топырақ королі атағын иеленді. Енді бұл атаққа топырақ төсеніште алдына жан салмайтын Рафаэль Надаль қайта таласып көреді.
* Нәзікжандылар арасында Крис Эвертті ұмытуға болмас. Оның Мартина Навратилова екеуі арасында талай жылға созылған текетірестерін жанкүйерлер әлі күнге дейін аңыз қылып айтып жүреді.
* Неміс Штефи Графтың есімі де Париж қауымына жақсы таныс. Себебі, ол Ролан Гарроста 12 жыл бойы қарсылас шақ келтірмеген. Соңғы рет 1999 жылы жеңімпаз атанған болатын.
* Турнир жұлдыздарының арасында АҚШ өкілі Моника Селештің есімі де ойып тұрып орын алған. Ол 1991-93 жылдар аралығында топ жарды.
* Франция ашық біріншілігінде ең көп жеңіске жеткен теннисші – испаниялық Рафаэль надаль. Ол бұл турнирде 14 рет то жарып, «Топырақ королі» атанған. Сонымен қатар ең егде жеңімпаз атағы да Надальға тиесілі – 2022 жылдың 5 маусымындағы финалда норвегиялық Каспер Руудтан басым түскенде Рафаның жасы 36-да еді. Ал әйелдер арасында рекорд иесі – америкалық Крис Эверт. Ол Париж кортында жеті рет чемпион атанған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан