15 сағат бұрын
«Ролан Гаррос»-2026: Сегіз мықты анықталды.
Францияның ашық чемпионатында әйелдер арасындағы жекелей сындағы 1/8 финал матчтары аяқталып, ширек финалға шыққан барлық теннисші белгілі болды.
Ширек финалда әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко ресейлік Диана Шнайдермен кездеседі.
Тағы бір ресейлік теннисші Анна Калинская турнирдің басты сенсацияларының бірі атанған польшалық Майя Хвалинскамен ойнайды.
Сондай-ақ ширек финалда украиналық дерби өтеді. Элина Свитолина мен Марта Костюк жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Ал ресейлік жас жұлдыз Мирра Андреева румыниялық Сорана Кырстямен күш сынасады.
Осылайша, «Ролан Гаррос»-2026 турнирінің ширек финалына Ресейден үш, Украинадан екі, сондай-ақ Беларусь, Польша және Румыниядан бір-бір теннисші шықты.
Айта кетейік, биылғы турнирдің жүлде қоры рекордтық 61,7 миллион еуроны құрайды. Чемпион атанған теннисші 2,55 миллион еуро және 2000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан